Көшеде мас болып жүрген прокурор қызметінен босатылды
1008
БҚО-да табиғат қорғау прокуроры даулы видеодан кейін қызметінен кетті.
Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев қызметтік тексеру нәтижелерін хабарлады.
Фото және видеоның нақты түсірілген күнін анықтау мүмкін болмады. Бұл ретте әлеуметтік желі қолданушылары мен интернет-ақпараттық ресурстарда оқырмандар арасында қоғамдық наразылық туып, көптеген талқылау болды, – деді Азамат Сәтбаев.15 тамызда жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы және облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясының ұсынымы негізінде Абылай Бисқалиев қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, Бисқалиев мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын жоғары талаптарды түсініп, басшылыққа атқарып отырған лауазымынан босату туралы өтінішпен жүгінді. 20 тамызда ол БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды, - делінген жауапта.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
23:42
«Қамқорлық жасайын десем де мүмкіндігім болмады...
14.09.2026
21:25
Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелг...
14.09.2026
20:45
Асхат Асылбеков депутаттарға: Журналистің өткір...
14.09.2026
20:34
PSG Academy-ді елге әкеліп, дзюдоны дамытқан Ал...
14.09.2026
20:23
Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі бол...
14.09.2026
20:16
Алматыда полицейлер есірткіге тәуелді адамдарда...