1 шілдеден бастап қазақстандықтар төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека ала алады
Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлемелер қайта қаралады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап ипотекада екі түрлі мөлшерлеме қолданылады: 25% және 20%.
«Егер бастапқы жарна 30%-дан асса, ең жоғары мөлшерлеме 20% болады. Ал бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, мөлшерлеме 25%-дан аспауы тиіс», – деді Тимур Сүлейменов.
Қазіргі таңда ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеме жылдық 25% деңгейінде. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл көрсеткішті 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет талпыныс жасаған.
Ұлттық банк төрағасының сөзінше, бұл өзгерістер банктермен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта техникалық жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ мамыр айында жаңа шешім жобасы жарияланады деп күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...