"100 млн теңге кетті": Алтынай Жорабаеваның қызына апарған жасауы қызу талқыға түсті
Танымал әнші Алтынай Жорабаева тұрмысқа шыққан қызының жасауын апарып, оған шамамен 100 млн теңге жұмсалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің құрбысы әлеуметтік желіде жариялаған видеосында жас жұбайларға жасалған тартудың көлемі туралы айтып берді.
"Алтынай Жорабаеваның қызының жасауына шамамен 100 млн кетті. Жігітке әкесі 200 шаршы метр болатын пәтер сыйлады. Соның ішін 100 пайыз кілемге, жиһазға, ыдыс-аяққа толтырды. Біз қазір 100 пайыз жасаудың 10 пайызын ғана алып келдік", – деді әншінің құрбысы.
Желіде тараған бұл ақпарат оқырмандар арасында түрлі пікір туғызып, көпшілік жарыса жазды.
"Не керек мақтаншылықтың, осы жастарға бақыт тілеп қою керек болды емес пе", "Кім кімге не апарады, өзі біледі ғой, бәрімізге әкелген, әр заман талабына, сәніне сай", "Дүниемен байлықтың құны саналмайды, жаныңның, ниетіңнің дұрыстығымен байлықтың құны, осыны ұмытпайық", "Дұрыс, екі жас бақытты болсын, әркім қалай берсе де өз баласына беріп жатыр", – деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар