100 млн теңгеге бағаланған 3 келі сынапты сатпақ болған күдікті ұсталды
Қауіпті химиялық затты сатпақ болған 28 жастағы ер адам ұсталды
Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны заңсыз түрде сынап сату кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, арнайы операция барысында күдікті 100 миллион теңге көлеміндегі затты өткізу кезінде ұсталған. Ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиға орнында жалпы салмағы 3 келіден асатын «металл сынап» заты бар шыны колба тәркіленді. Арнайы операция Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен, сондай-ақ ДКНБ қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген.
Мамандардың айтуынша, сынап адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті улы химиялық элемент. Оның булары ауыр улануға, жүйке жүйесінің зақымдануына әкеліп, ұзақ мерзімді экологиялық зиян келтіруі мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...
25.10.2026
12:33
Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция рес...
25.10.2026
12:08
«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан т...
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...
25.10.2026
09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республик...