Астанада түнде балалар ауруханасында өрт шықты
1016
Науқастар эвакуацияланды
Астанада 11 сәуір күні кешкі уақытта балалар ауруханаларының бірінде өрт тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, сағат 22:48-де №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының бір бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметі өртті 23:08-де толықтай сөндірді. Мамандардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Қауіпсіздік мақсатында ауруханада жатқан кішкентай науқастар дереу көрші ғимаратқа көшірілді. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
12:46
«Мойыл көз момын көріктім». Тоқтар Серіков жары...
12.10.2026
12:38
«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз» де...
12.10.2026
12:09
Қайрат Нұртастың концертінен соң тағы бір адам ...
12.10.2026
11:47
Қазақстан мыс кенін көп өндіреді, бірақ өңдеуге...
12.10.2026
11:40
Астанада үш баланың өмірін қиған өрттің себебі ...
12.10.2026
11:24
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қа...