Оралда 16 жастағы жасөспірім көлікпен бірге өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)
Орал қаласында жеңіл автокөлікте өрт шығып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім күйік алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға қаладағы «Ескі аэропорт» көшесі бойында орналасқан сауда үйінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан сәтте Lada Granta автокөлігінің ішінде жасөспірім болған. Ол көліктен дер кезінде шығып үлгерген.
Зардап шеккен жасөспірім облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт салдарынан тағы бір автокөлік зақымданған. Жалын жақын тұрған екінші көлікке де тараған. Өрт толық сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.11.2026
17:24
Қостанайда жұмысшыны топырақ басып, көз жұмды
24.11.2026
17:02
"Мәселе бойда емес": Мәдина Сәдуақасова модель ...
24.11.2026
16:20
«Мен ондай кісіні танымаймын»: Мөлдір Мұқанова ...
24.11.2026
15:26
Ақтөбеде полицияның атын жамылып, қызды бопсала...
24.11.2026
15:02
Алматыда ер адам танысын өлтіріп, мәйітін жертө...
24.11.2026
15:02
2027 жылы сәби сүйетіндерге жақсы жаңалық: не ө...