100 пәтердің құпиясы ашылды: Қызметкерлеріне үй таратқан Тұрсын Алагөзов қалай қарызға кірді
Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлау үшін қанша қарыз алғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Алагөзовтің 100 пәтерді 2,5 млрд теңгеге сатып алатындай көп ақшасы болмаған.
Кәсіпкердің сөзінше, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында банк арқылы несие рәсімделген. Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдау оңайға соқпаған. Соған қарамастан, ұзақ жылдар бойы компанияның дамуына үлес қосып келе жатқан мамандарға қолдау көрсету негізгі басымдықтардың бірі болған.
«5 миллион доллар – өте үлкен сома. Менің қолымда мұндай қаражат болған жоқ. Дегенмен әлеуметтік жауапкершілікті өз мойныма алдым. Егер өзгелер бұл іске тәуекел етпесе, мен жүзеге асырамын деп шештім. Құрылыс компанияларының иелеріне қазіргі таңда 500 млн теңге бере алатынымды айтып, қалған соманы қарыз ретінде рәсімдеуді сұрадым. Кейін толық есеп айырысатыныма кепілдік бердім. Өткен жылдың 26 мамырында пәтер кілттерін табыстадық. Қазіргі уақытта eGov және ХҚО арқылы барлық 100 пәтер азаматтардың атына заңды түрде рәсімделіп берілді», – дейді Динара Сәтжанға берген сұхбатында.
Соңғы жаңалықтар