11 жастағы қыз 40-тағы көршісінен жүкті боп қалды

Үндістанда 11 жасар қыз бала бірнеше ай бойы 40 жастағы көршісінің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырап, жүкті болып, босанған. Алайда оның сәбиі босану кезінде шетінеп кеткен. Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлады.
Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатындағы Барейли қаласының маңында болған. Басылым мәліметіне сәйкес, бәрі 11 жасар қыздың ағасына ішінің қатты ауырғаны туралы шағымданғанынан басталған. Жас жігіт ауыл дәрігерінен қызға дәрі-дәрмек алып берген, бірақ препараттар көмектеспеген. Содан кейін ол қызды ауруханаға апарған, онда УДЗ (ультродыбыстық зерттеу) жасалғаннан кейін дәрігерлер қыздың жүкті екенін анықтаған. Мамандардың бағалауы бойынша, қыз жүктіліктің алтыншы-жетінші айында болған.
Осыдан кейін мектеп оқушысы 40 жастағы көршісінің бірнеше рет зорлағаны туралы мойындаған. Жәбірленушінің айтуынша, шамамен сегіз ай бұрын ер адам оны жеміс-жидекпен қонаққа шақырып, содан кейін зорлаған. Зорлық-зомбылық әрекетін видеоға түсіріп алған қылмыскер қызды сол видео арқылы бопсалаған. Содан кейін зорлау бірнеше рет қайталанған.
БАҚ мәліметтері бойынша, зорлық жасаушының отбасы бар; ол әйелімен бірге сегіз және он жастағы екі баланы тәрбиелеп отыр.
Соңғы жаңалықтар





