56 жасқа толған Толқын Забирова жаңа образымен желіні тәнті етті

56 жасқа толған Толқын Забирова жаңа образымен желіні тәнті етті
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова желіде жаңа образын көрсетіп, оқырмандарын сүйсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жақында 56 жасқа толған өнер иесі Instagram парақшасына мини үлгідегі киім мен ұзын етік киген суреттерін жариялады.

Әнші өз бейнесін етігінің түсіне сай сөмкемен, күннен қорғайтын көзілдірікпен және ірі алтын түстес білезікпен толықтырған. Ал толқынданған ұзын шашы образға ерекше нәзіктік пен әсемдік қосқан.

«Жаңа жылым, қош келдің! Жаңа жасым, қош келдің!» — деп жазды әнші желідегі жазбасында.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу