12 жылдан кейінгі алтын: Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы
298
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бұл – Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын. 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль иелене алмады.
Осылайша, Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілісті тоқтатып, Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені сыйлады.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
11:12
Жеңілдетілген салықпен жұмыс істейтін бизнестің...
02.10.2026
11:11
«Қатты ауырғанымда ол кісі өзге үйде еді»: Жұл...
02.10.2026
10:47
Мәулен Әшімбаевқа аса жауапты қызмет бұйырды: О...
02.10.2026
10:39
Тоқаев тұсындағы жеті жыл: Berlin Today Қазақст...
02.10.2026
10:34
12 жылдан кейінгі алтын: Төрехан Сабырхан – Ази...
02.10.2026
10:03
«Әдейі өлтірді»: Аңшылықта қаза тапқан азаматты...