"12 жылдан соң қызды болдық": "Меломен" тобының мүшесі алғаш рет әке атанды
“Меломен” тобының мүшесі Ролан Қазретов “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында отбасындағы сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Ол жақында алғаш рет әке атанып, қызын бауырына басқан.
“12 жыл дегенде қызды болдық. Тұңғыш қыз. Алла сынақты берген кезде оған төтеп беретін күшті де өзі береді екен ғой. Елдер жұбайым екеумізге “Қанша жыл шыдадыңдар, екеуің мықтысыңдар” деп айтып жатыр, бұл біздің мықтылығымыз емес, Алланың берген күші деп ойлаймын. Тұңғышымды қолыма алып, әке атанудың ерекше сезім екенін түсініп жатырмын. Балалы жандардың жағдайын енді жақсырақ түсіндім. Жақындарымның тілектері мен жұбайым екеуміздің шыдамымыздың арқасында осы бақытты күнді сезінудеміз”, – деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...