15 млн теңге қалыңмал: Алтынай Жорабаева құдаларының сый-сияпатын көрсетті
Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа құдаларының тарту-таралғысын көрсетіп, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі Instagram-да жариялаған бейнежазбада қазақы салтпен өткен құдалық рәсімі, арнайы алып келген бағалы сыйлықтар мен ақ тілектер айтылған сәттер таспаланған.
Желі қолданушыларының назарын аударған басты жайт – құдалардың әншінің қызына 15 млн теңге қалыңмал табыстауы болды. Видеодағы бұл көрініс әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
"Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір тартуына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!" – деп жазды әнші.
Бейнежазба жарияланғаннан кейін желідегі көпшілік қалыңмал мөлшері мен ұлттық салт-дәстүр төңірегінде түрлі пікір қалдыруда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...