«15 жыл бойы перзент күттік»: Сәкен Майғазиев тұңғыш баласынан кейінгі жағдай туралы айтты
Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев тұңғышынан кейінгі перзентін 15 жыл бойы күткенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші бұл туралы үлкен ұлы Әділетпен әңгімелесіп отырған видеосында айтты.
«Сенен кейін біз 15 жыл Раянаны күттік. Перзент күттік. Сенің інілерің, қарындастарың болғанын қаладық, армандадық. Сенің бауырларың, іні-қарындастарың болса деп армандадық. Мен балалы болуды қалай қаласам, анаң одан он есе, жүз есе көп күткенін де білемін. «Неге бұлай болды, қашан?» деп түртпектеп, мазасын алған жоқпын. Алланың есебі, сынағы деп айтудан қорқамын. Алла сынақтан сақтасын. Біз Динара екеуміз бір-бірімізді қолдап жүрдік. «Аман болайық, әлі жаспыз. Ең бастысы, ұлымыз аман болсын» деп өз-өзімізді жұбатумен жүрдік. 15 жылдан кейін анаң жүкті болды. Анаңның құрсағына Раянамыз бітті», – деді ол ұлы Әділетпен әңгімесінде.Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...