«15 жылдық аманат жоғалды»: Баян Алагөзованың қызы елден көмек сұрады

10.12.2025 12:20 Айсұлу Мұрат
«15 жылдық аманат жоғалды»: Баян Алагөзованың қызы елден көмек сұрады
0
71
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айсәуле Бақытбек

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек басына түскен қиын жағдайын көпшілікке жайып салды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Айсәуленің айтуынша, ол елордада өткен «Қайрат» футбол клубының «Олимпиакосқа» қарсы ойынына барған. Алайда спорттық кеш қуанышқа емес, өкінішке ұласқан.

Желі қолданушысы Threads парақшасында отбасы үшін аса қымбат, естелікке толы затын жоғалтып алғанын айтып, елден көмек сұрады.

«Егер кімде-кім осы жейдені Қайраттың матчынан тапса, сыйақыға қайтарып беруді сұраймыз. Бұл жейде біз үшін өте қадірлі. 15 жыл бұрын Қайрат Советевичтің өзі оны марқұм атамызға сыйлаған. Суықта жүгіріп жүріп, Астана Арена кіреберісінің маңында жоғалтып алдым», — деп жазды Айсәуле.

Айсәуленің бұл жазбасы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілік отбасылық аманаттың жоғалуына алаңдап, қолдау білдіріп жатыр.

«Міндетті түрде табылсын», «Мұндай дүниелер ақшаға өлшенбейді», «Жақсы адамдар бар, қайтарып береді деп сенеміз», — деп жазды желі қолданушылары.

Кейбір оқырмандар тіпті дүниенің жай жейде емес, бүтін бір әулеттің тарихы екенін атап өтті.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек – қоғамда белсенді, ашық пікірін жасырмай айтатын тұлғалардың бірі. Бұл жолы да ол басынан өткен жағдайды бүкпесіз жеткізіп, көпшіліктің назарын аударды.

Құнды естелік табыла ма, жоқ па – әзірге белгісіз. Алайда жұрт бұл аманаттың өз иесіне қайта оралуын тілеп отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий