15 жылдық неке күйреді: Сейфуллин Жолбарыстың жары екі баласымен бөлек кеткенін айтты

04.02.2026 13:49 Мөлдір Талғат
15 жылдық неке күйреді: Сейфуллин Жолбарыстың жары екі баласымен бөлек кеткенін айтты
532
Фото: ашық дереккөз

Сейфуллин Жолбарыстың жұбайы Екатерина Жолбарыс әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесімен көпшілікті елең еткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Екатерина жазбасында жеке өміріндегі ауыр кезеңді, отбасылық дағдарысты және екі баласымен бөлек кету туралы қабылдаған шешімін ашық баяндады. Оның айтуынша, 15 жылға созылған некеде уақыт өте келе түсіністік жоғалып, ортақ әңгіме де, келісім де нәтиже бермеген.

«Әңгімелер көмектеспеді. Бір-бірімізді естімедік. Сезім болды, бірақ анықтық болмады», – деп жазды ол.

Осыдан кейін Екатерина екі баласымен бірге жаңа өмір бастауға бел буғанын айтады. Оның сөзінше, бұл қадам ауыр болғанымен, өзін және балаларын сақтап қалудың жалғыз жолы болған.

Сондай-ақ ол нумерология мен өзін-өзі тануға қалай келгенін түсіндірді. Айтуынша, өміріндегі барлық түсінік күйреп, жауапсыз қалған сұрақтар көбейген кезде ішкі ізденіс басталған. Сол арқылы ол өз әрекеттері мен таңдауларын қайта саралап, жауапкершілікті өз мойнына алған.

«Өз қателіктерімді түсініп, оларды түзету жолын көрдім», – дейді Екатерина.

Қазір ол бұл кезеңді жеке трансформация мен рухани өсу жолы деп бағалайды. Алдағы уақытта басынан өткен тәжірибесін өзгелерге қолдау көрсетуге бағыттауды мақсат етіп отыр.

Желі қолданушылары Екатерина Жолбарыстың ашық мәлімдемесіне қолдау білдіріп, оның шынайылығы мен батылдығын жоғары бағалауда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий