17 жастағы оқушы мұғалімге пышақпен шабуыл жасады

17 жастағы оқушы мұғалімге пышақпен шабуыл жасады
Фото: ЖИ- мен жасалды /politico.kz

Ресейдің Добрянка қаласындағы №5 мектепте 17 жастағы оқушы мұғалімге пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

SHOT мәліметінше, жасөспірім мектеп кіреберісінде ұстазға кенеттен шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққан.

Зардап шеккен педагог шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Пермь қаласынан арнайы санитарлық авиация бригадасы, құрамында түрлі сала дәрігерлері бар топ аттанған.

Күдікті ұсталды, оның әрекетінің себептері анықталуда. Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу