2026 жылдан бастап елімізде зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды
952
Сенатқа мәжіліс қабылдаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Құжатқа сәйкес, жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы көлемі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға ұлғайтылады.
Негізгі әлеуметтік көрсеткіштер де заңда белгіленген:
- ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынғанымен, үкімет бұл ұсынысты қолдамады, сондықтан норма заңға енгізілген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...
15.09.2026
08:11
ҚҚДИ сауалнамасына қатысқандардың 86,7%-ы Прези...
15.09.2026
07:35
Семейде 15 шақты пышақ жарақатын алған оқушы ам...
15.09.2026
06:43
Ақбаян Мұқанғалиева емдеу орталығынан шыққан со...