Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық суреттерін бөлісті

15.09.2026 09:23 Мөлдір ҚАЙНАР
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық суреттерін бөлісті
43
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова мен оның жолдасы, экстрим-блогер Сәкен Қағаров күннің батуы кезіндегі романтикалық фотосессиясын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жұлдызды жұп теңіз жағалауында демалып жүрген кезде түсірілген әсерлі кадрларын желіге жүктеген.

"Бір күн батуының хикаясы", – деп жазба қалдырды Айжұлдыз суреттің астына.

Суретті көрген жолдасы Сәкен: «Осы бір сәт есіңде ме?» – деп сауал тастаған. Ал актриса: «Осынша жылдан кейін бе? Әрқашан!» – деп жауап қатып, кадрлардың 2024 жылы түсірілгенін нақтылап өтті.

Ерлі-зайыптының махаббатқа толы сәті оқырмандар мен отандық шоу-бизнес өкілдерінің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары жарасымды жұпқа отбасылық бақыт, шексіз махаббат пен ұзақ ғұмыр тілеп, ақ лебіздерін жаудырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий