2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионаты Астанада өтеді
417
2027 жылы киберспорттан әлем чемпионаты (World Esports Championship) Астанада өтеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Елордада Халықаралық киберспорт федерациясы (IESF), ҚР Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан киберспорт федерациясы (QCF) арасында ресми келісімшартқа қол қойылды. Осы құжат аясында елордаға 150-ден астам елдің өкілдері келеді деп күтілуде. Дүниежүзілік додада спортшылар Counter Strike 2, Dota 2, Mobile Legends – Bang Bang, PUBG MOBILE, eFootball және Tekken ойындары бойынша бақ сынайды.
«Бұл – чемпионат өткізу ғана емес, халықаралық серіктестікті нығайту және киберспорт әлемін бірге дамыту мүмкіндігі», – деді Халықаралық киберспорт федерациясы.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, жарыстың нақты күндері, іріктеу кезеңдері, квоталар мен регламенті алдағы уақытта жарияланады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...