Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз жұмды

08.10.2026 • 23:14 Қарақат АСЫЛОВА
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз жұмды
297
Ашық дереккөз

Көкшетауда төрт жасар бала ашық тұрған құдыққа құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы жағдай қаладағы жеке үйлердің бірінің ауласында болған. Баланың анасы Алананың жоғалып кеткенін байқап, бүгін түстен кейін полицияға хабарласқан. Оның айтуынша, бала үйдің ауласында ойнап жүрген жерінен ізім-ғайым жоғалып кеткен.

Құқық қорғау органдары мен іздеу жұмыстарына қатысқан мамандар баланы бірнеше сағат бойы іздеген. Сағат 20:00 шамасында төрт жасар баланың денесі аумақтағы ашық құдықтан табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала абайсызда құдыққа құлап кеткен болуы мүмкін. Қайғылы оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Бала өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Құдықтың не себепті ашық қалғаны және қауіпсіздік талаптарының сақталуы да тексеріледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий