2028 жылдан бастап қазақстандық ұлдарға адам папилломасына қарсы вакцина салынады
Қазақстанда 2028 жылдан бастап ұл балалар да адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина ала бастайды, деп хабарлайды Politico.kz.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, АПВ-ға қарсы вакцинация жыныс сүйелдерінің, анус пен жыныс мүшелері қатерлі ісігінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, ұлдарды вакцинациялау вирустың таралуын азайтып, әйелдерге де жанама қорғаныс қалыптастырады. Осылайша АПВ-мен байланысты аурулардың жалпы деңгейін төмендету көзделіп отыр.
Алайда Қазақстанда әзірге 18 жастан асқан әйелдерге арналған тегін АПВ вакцинациясы бағдарламасын кеңейту жоспары қарастырылмаған.
Еске салайық, Қазақстанда қыз балаларды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау 2024 жылдан бастап енгізілген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...