23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып бекітілді

23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып бекітілді
Ақорда
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Өткен жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеуді тапсырған еді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сол тапсырманың негізінде биылдан бастап 23 сәуір — Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Осы атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды шын жүректен құттықтады.

– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу