24 жастағы әйел бесем дүниеге әкелді
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан шыққан әйел бірден бес баланы өмірге әкелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Дәрігерлердің мәліметінше, табиғи жолмен бесем бала көтеру ықтималдығы – 60 миллионда бір жағдай.
Босану 26 ақпанда Қытайдың орталық бөлігіндегі Ухань қаласында өткен. Дүниеге төрт қыз және бір ұл келген. Жаңа туған сәбилердің орташа салмағы шамамен бір келіні құраған. Босану шамамен бір сағатқа созылып, сәтті аяқталған.
Дәрігерлердің айтуынша, бес нәрестенің барлығы Апгар шкаласы бойынша 6 балдан жоғары көрсеткіш алған. Өмірлік көрсеткіштері салыстырмалы түрде тұрақты. Мамандар мұндай жағдайдың, әсіресе салмағы аз және шала туған сәбилер арасында, өте сирек кездесетінін атап өтті.
«Бесемнің табиғи жолмен дүниеге келу ықтималдығы – 60 миллионда бір. Бұл – өмірдің нағыз ғажайыбы», – деп жазады Қытайдың «Цзинань жибао» газеті.
Қазіргі уақытта бес сәби неонатология бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Олардың жағдайы тұрақты. Ал жас ана қалыпты палатаға ауыстырылып, жағдайы жақсы екені хабарланды.
Соңғы жаңалықтар