24-қабаттан секіргім келді – Мөлдір Мұқанова

02.11.2025 11:54 Берік Арманов
24-қабаттан секіргім келді – Мөлдір Мұқанова
0
375

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова алғаш рет әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Мөлдір Мұқанова өміріндегі ең ауыр кезең туралы айтып, күйеуінің опасыздығы өзіне қатты соққы болғанын жасырмады.

«24-қабаттан секіргім келді. Тұрсынбектің өзі тоқтатты, ұстап қалды. Ол да бір таңғы уақыт еді, өте ауыр кезең болды. Шетелге де екеуі барып келген екен. Ол кезде менің Дубайды көрмеген кезім болатын», – деді ол.

Әншінің айтуынша, Тұрсынбек Қабатов жұмыс бабымен Дубайға іс-сапарға кеткенін айтқан. Бірақ кейіннен ол жақта бөгде адаммен бірге жүрген видеосын байқаған.

«Түнде бәріміз дастарқан жайып, шығарып салдық. Жұмыспен бара жатырмын деді. Дубайдан келген соң сол жақтағы видеоларын көрсетті. Видеоны көріп отырғанда қасында біреу тұрғанын байқап қалдым. Сол сәтте өзімді ұстай алмай, терезеге қарай жүгірдім», – деп еске алады Мұқанова.

Мөлдір Мұқанова сұхбатта Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын алғаш рет растады. Бұған дейін ол жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап бермей келген.

«Иә, біз ресми түрде ажырастық. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ, бірақ өмір жалғасады», – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий