25 рет пышақтап, мәйітті қоқысқа лақтырған: Шымкентте әйелді өлтірген оқушы жайлы сұмдық дерек шықты
Шымкентте 26 жастағы әйелді айуандықпен өлтірген мектеп оқушысына шыққан үкім марқұмның туыстарының ашуын туғызды. Жантүршігерлік қылмыс жасаған 10-сынып оқушысы небәрі 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұм Диана Оңғарбай биыл 21 шілдеде Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген. Ол үй тазалап, табыс табу үшін жұмысқа кеткенімен, қайта оралмаған. Әйел он күн бойы із-түзсіз жоғалып, кейін мәйіті қоқыс жәшігінің жанынан пакетке оралған күйде табылған.
Тергеу барысында Диананы жұмысқа шақырған 10-сынып оқушысы оны 25 рет пышақтап, кейін қылмыс ізін жасыруға тырысқаны анықталған. Күдікті келесі күні марқұмның телефонын сатып жібергені де белгілі болды.
Ең сорақасы сот жантүршігерлік қылмыс жасаған оқушыны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда марқұмның туыстары бұл үкіммен мүлде келіспейді. Олардың айтуынша, берілген жаза өте жеңіл. Ал сіз қалай ойлайсыз? 25 рет пышақталған адам өлімі үшін 7,5 жыл - әділ жаза ма?”,- деп жазды журналист.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...