3 932 теңге: Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өзгереді
3086
Қазақстанда АЕК мөлшері 3932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Бұл туралы құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, - деп хабарлайды Politico.kz.
Қаржы министрлігі Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Қазір ол - 3692 теңге.
Ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді, 85 000 теңге болып қалады, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін өседі. Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңге болмақ.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру шекті сома 46 228 теңгеге дейін өспек, қазір бұл көрсеткіш - 43 407 теңге.
Құжат 31 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Фото: ашық дерекөз
Соңғы жаңалықтар
31.07.2026
10:20
Мұхаммед пайғамбарды қорлаған Петропавл тұрғыны...
31.07.2026
10:16
50 851 теңгеден басталады: Қазақстанда 450 мың ...
31.07.2026
09:57
Тоқаев Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға барады
31.07.2026
09:43
Түркістанда бес баланың әкесін топтасып өлтіріп...
31.07.2026
09:21
Петропавлда 16 жастағы оқушыдан туберкулез анық...
31.07.2026
08:59
«11 жыл ма, 14 жыл ма?»: Тұрсынбек Қабатовтың е...