432 500 теңге көлеміндегі төлем: Еңбек министрлігі жауап берді
1275
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2026 жылы 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалады деген хабарлама таралуда, деп хабарлайды Politico.kz.
Аталған ақпаратқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми түсініктеме берді.
Тараған хабарламада бұл төлем табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға және белгілі бір аурулары бар азаматтарға берілетіні айтылған. Алайда министрлік бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Мұндай әлеуметтік төлем қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған. Осындай жалған хабарламалар көбіне азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу мақсатында таратылатынын ескертеміз», — деп хабарлады ведомство.
Министрлік мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен жіберілетін SMS-хабарламалар арқылы және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланатынын еске салды.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...