70 жастағы қария жеті қыздан кейін ұлды болды

05.01.2026 17:16 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
70 жастағы қария жеті қыздан кейін ұлды болды
0
1617
Фото: ашық дереккөз

Жеті қыз тәрбиелеп өсірген 70 жастағы қария биыл ерекше қуанышқа кенелді. Араға 45 жыл салып, оның шаңырағында көптен күткен ұл дүниеге келді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақсақалдың айтуынша, тұңғыш қызы 1981 жылы, ал кенже қызы 1992 жылы туған. Сол уақыттан бері әулетте тек қыздардың күлкісі естіліп, үйдің берекесі солармен артқан. Алайда 2025 жыл бұл отбасы үшін күтпеген жаңалықпен есте қалды.

«Қыздарым жиналса, үйіміз тойға айналады. Бірі жейде әкеледі, бірі бөрік алып келеді. Ұлды ортаға алып, “бізге ұқсайды” деп қуанып жүр», – дейді қария.

Ол жұбайының әр босанған сайын көңілі құлазып, «тағы да қыз» деген хабарды көз жасымен қарсы алғанын да жасырмады. Сол сәттерде әзілмен жұбатып, үміт үзбеуге тырысқанын айтады.

«Алтыншы баламыз да қыз болғанда, “енді тағдырға өкпелеймін” деп қалжыңдап едім», – дейді ол күліп.

Бүгінде ақсақал өзін өмірінің ең бақытты кезеңінде жүргенін айтады. Жеті қыз, немерелер, шөберелер және өзінен бір жас кіші жалғыз ұлы бар.

«Мұны енді “нағашы” деп атауға да келмейді», – деп әзілдейді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий