8 наурызға орай әйелдерге ақша беріледі: кімдер қанша алады?
Халықаралық әйелдер күніне орай Астанада бірқатар санаттағы әйелдерге бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 8 наурыз мерекесіне орай шамамен 37 мың азаматқа 2,5 АЕК мөлшерінде (10 813 теңге) бір реттік көмек төленеді.
Ведомствоның хабарлауынша, төлем Астана мәслихатының шешімі негізінде, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бір реттік төлем мына санаттағы әйелдерге беріледі:
- Астанада тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған аналар;
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;
- көпбалалы отбасылар.
Төлем Әлеуметтік төлемдер орталығының деректері негізінде автоматты түрде аударылады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
16:09
Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушіс...
16.10.2026
15:44
«Басты мақсат — ақша табу емес»: Димаш Грэмми ж...
16.10.2026
14:43
Қазақстандықтар киім мен аяқкиімге қанша ақша ж...
16.10.2026
14:09
Дариға Бадықованың асырап алған қызының қазір н...
16.10.2026
13:23
Қазақстанда әлеуметтік көмек қысқармайды: Бекте...
16.10.2026
13:00
Таиландтан ұшып келген 20 жастағы қазақстандық ...