Абай облысында 50 адам мінген автобус аударылып қалды (ВИДЕО)
Абай облысы Семей-Қайнар тасжолында 31 қаңтар күні таңертең жұмысшылар мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жол апаты тасжолдың 62-шақырымында Знаменка ауылы маңында болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 52 жастағы жүргізуші тізгіндеген жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кетіп, бір шетіне аударылған. Автобуста вахталық жұмысқа бара жатқан 50 жұмысшы болған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылар әртүрлі дене жарақатын алғанымен, олардың өміріне қауіп жоқ. Зардап шеккендерге уақытылы қажетті медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.
Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізуде. Жол апатының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...