Абай облысында қайғылы жағдайда 3 студент қаза болды

03.11.2025 21:00 Берік Арманов
Абай облысында қайғылы жағдайда 3 студент қаза болды
0
1006
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Абай облысы Бесқарай ауданында, Омбы-Майқапшағай автожолының 615/706-шақырымында Toyota Avensis жеңіл автокөлігі мен Howa жүк көлігі бір-біріне соғылып, үш адам мерт болғанын хабарлаған еді. Семейдегі Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы жол апатынан үш студенті бірдей қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«2 қараша күні Бесқарағай ауданы, Жыланды ауылы маңында болған жол-көлік апатында университет өрендері - Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы, Оңдабай Рефхат Серікжанұлы мен Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Абдималиков Рустамбек Нурмуродұлы қаза тапты», - деп хабарлаған университет.

Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы мен оқытушылары студенттердің  ата-аналары мен туған туыстарына, жақындары мен дос-жарандарына қайғырып көңіл айтқан.

«Қыршыннан қиылған өрімдей жастарымыздың қазасы баршамызға ауыр соққыдай тигені сөзсіз. Білім биігі мен спорт белестерін бағындыра жүріп, үлкен мақсаттарға ұмтылған жас өрендеріміздің жарқын жүздері мен асқақ армандары мәңгі есімізде сақталады. Марқұмдардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын», - деп жазған университет ресми парақшасында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий