Абай облысында сарбаз көз жұмды
Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуынан әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі оқиғаны растады. Хабарламада:
«5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудан контракт қызметіндегі әскери қызметкер өмірімен үйлеспейтін жарақат алды. Осы факт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда. Оқиға орнында уәкілетті органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.Қарулы Күштер Жерүсті әскерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза болған әскери қызметкердің отбасына терең көңіл айтады. Оларға қажет көмек көрсетіледі», – делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...