Абай облысында бес күн далада қалған малшы қар жеп аман қалды
1539
Аяғы сынған малшы бес күн бойы далада тірі қалған
Абай облысында жоғалып кеткен малшы бес күн бойы далада тіршілік етіп, аман табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Төтенше жағдайлар қызметіне ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. 1969 жылы туған азамат 17 наурыз күні Абай ауданындағы шаруа қожалығынан жылқымен мал іздеуге шығып, қайта оралмаған. Оның ұялы телефоны өшірулі болған.
Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар арнайы техникамен, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.
Бүгін таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Ол медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді. Белгілі болғандай, бес күн бұрын малшының астындағы жылқысы сүрініп, оны басып кеткен. Салдарынан ер адам аяғын сындырып алған. Одан кейін жылқы қашып кеткен. Осы уақыт ішінде ол қар жеп, жан сақтаған.
Абырой болғанда, күн райының салыстырмалы түрде жылы болуының арқасында ер адам үсіп қалмаған.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
11:18
Алматыда құрбыларына қонаққа барған 17 жастағы ...
11.08.2026
10:46
Атырауда полицейлерді сабағандар сотталып кетті
11.08.2026
10:30
"Сүйгені үшін жазаланады": Жұлдыз Әбдікәрімова ...
11.08.2026
10:09
Астана маңында апалы-сіңілі жасөсіпірім екі қыз...
11.08.2026
10:01
Алматы облысында күйеуін өлтірген жүкті әйел бо...
11.08.2026
09:41
"Төс көрсету жарысы ма?": желі қолданушылары Мә...