Тоқаев қаза болған сарбаздарды мемлекеттік наградаға ұсынатынын айтты
237
Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхаттары табысталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Президенттің жеделхаттарын Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және қоғам белсенділері қаза болған сарбаздардың жақындарына жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жеделхатында марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, оларға қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ қайғылы жағдайға кінәлілер заң аясында ең қатаң жазаға тартылатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы қаза болған әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын да мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
23:32
Қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілд...
25.09.2026
22:49
Тоқаев қаза болған сарбаздарды мемлекеттік нагр...
25.09.2026
21:46
Данияр Елеусінов тағы да дауға қалды: FlyArysta...
25.09.2026
21:23
Асхат Тарғын: "Мәрия арман едің" бейнебаянын Ди...
25.09.2026
21:03
Әкесі желіде тараған видеодағы сарбаздың тірі е...
25.09.2026
20:56
Нуранбекова зорланғаннан кейін туған баласы тур...