"Абайсызда өзін атып алған": 21 жастағы танымал спортшы қаза тапты
Ресейде 21 жастағы хоккейші Егор Ядыкин аңшылық кезінде қайғылы жағдайда көз жұмды. Ал немересінің өлімін көтере алмаған 68 жастағы атасы артынша өзіне қол салған, деп хабарлайды Politico.kz.
Мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Башқұртстанның Салават қаласында болған. Аңшылық кезінде Егор мылтықты аламын деп еңкейген сәтте абайсызда өз-өзін атып алған. Оқ оның төменгі жақ тұсына тиіп, спортшы оқиға орнында көз жұмған.
Немересінің қазасы атасына ауыр соққы болған. Ол алдымен туыстарына дауыстық хабарлама жіберіп, кейін өзіне қол жұмсаған. Зейнеткердің денесі кейін Индустриальная көшесіндегі гараждан табылған.
Егор Ядыкин жасөспірімдер арасында Ресейдің екі дүркін чемпионы болған. Ол Жастар хоккей лигасында (МХЛ) «Омские Ястребы» клубында өнер көрсетіп, 2025 жылы Жоғары хоккей лигасындағы (ВХЛ) «Норильск» командасының ойыншысы атанған
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...