Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші балуанға тұрмысқа шықпақшы

26.03.2026 19:21 Қарақат АСЫЛОВА
Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші балуанға тұрмысқа шықпақшы
402
Әлеуметтік желіден
Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова ұсыныс қабылдап, сырғалым атанды

Қазақстандық танымал дзюдошы Әбиба Әбужанқызы жеке өмірінде маңызды қадам жасап, ресми түрде сырға салу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Екі күн бұрын сүйіктісінен ұсыныс қабылдаған спортшы бүгінде «сырғалым» атанып отыр. Қуанышты жаңалықты Әбиба әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өміріндегі өзгерістерге қарамастан спорттағы мансабын жалғастыратынын атап өтті.

«Тұрмысқа шықсам да, 2028 жылғы Жазғы Олимпиадаға қатысамын. Мен әлі де күресемін», – деп жазды ол.

Белгілі болғандай, спортшы дзюдошы Ермахан Ануарбековке тұрмысқа шығады. Ол – Қазақстан чемпионы, Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы және халықаралық Grand Slam, Grand Prix жарыстарына қатысқан тәжірибелі балуан. Ермахан Абай облысының намысын қорғайды.

Айта кетейік, Әбиба 1997 жылы дүниеге келген, ал оның болашақ жары 2002 жылғы. Жас айырмашылығына қарамастан, қос спортшыны ортақ мақсат пен спортқа деген сүйіспеншілік біріктіріп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий