"Адам іздеп керек емес": Мөлдір Мұқан заманауи тәрбие туралы ойын айтты

06.04.2026 13:10 Мөлдір Талғат
248
Фото: ашық дереккөз

Әнші Мөлдір Мұқан қазіргі заманда адам жан-жақты дамуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі bugin live бағдарламасына берген сұхбатында қыздарына қандай тәрбие беретінін бөлісті.

Оның айтуынша, бүгінгі қоғамда бір ғана мамандықпен шектелу жеткіліксіз:

«Қыздарыма “өздеріңе сеніңдер” деп үйретемін. Қазіргі заманда адам үнемі даму үстінде болу керек. Тек ән айтып немесе бір салада ғана жүруге болмайды. Әнші болсаң — өз контентіңді өзің жүкте, таралуына өзің еңбек ет. Бір адам 5-6 мамандықты қатар алып жүре алады», — деді ол.

Сондай-ақ, әнші қазіргі мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану керегін атап өтті. Айтуынша, қызы Әдемі оның әндерін платформаларға жүктеп, осы арқылы табыс тауып жүр.

Мөлдір Мұқан ана ретіндегі ұстанымы туралы да ашық айтты. Ол өзін “жұмсақ анамын” деп сипаттап, балаларымен ашық сөйлесуді жөн көретінін жеткізді:

«Ұрыса алмаймын, өйткені өзім ондай тәрбиені көрмедім. Балаларыммен бәрін сөйлесіп шешеміз. Жұмсақ екен деп олар еркелеп кетпейді, бәрінің орнын біледі», — деді әнші.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий