“Аға сізге бере салуға болады ма?”: Мақпал Жүнісова Тоқаевқа ерекше сый тарту етті (ВИДЕО)

21.05.2026 18:25 Қарақат АСЫЛОВА
“Аға сізге бере салуға болады ма?”: Мақпал Жүнісова Тоқаевқа ерекше сый тарту етті (ВИДЕО)
242
Фото: Ақорда
Мақпал Жүнісова «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін Ақордада мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар өнер майталмандарына мемлекеттік наградалар табыстады. Марапат иелерінің қатарында Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова да бар. Белгілі әнші ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Өнер иесі бұл оның Ақордаға алғаш рет келуі екенін айтып, соңғы 25 жыл ішінде мемлекет тарапынан алғаш рет осындай жоғары марапат алып отырғанын жеткізді.

Салтанатты рәсімнен кейін Мақпал Жүнісова Президентке өзінің әндері жазылған үнтаспа жинағын сыйға тартты. Әнші бұл сыйлықты өткен күндердің естелігі әрі халыққа деген құрметінің белгісі екенін айтты.

«Халыққа қызмет етсең, марапат та, атақ та бұйырады», — деген әншінің сөзі көпшіліктің көңілінен шығып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. 

Желі қолданушылары өнер иесінің шынайылығы мен қарапайым болмысына жылы пікір білдіруде.

@aqdariga

«Аға» деген көңілінен 🥹🤍 Бүгін Қазақстанның халық әртісі, елінің ерке қызы, әнші Мақпал Жүнісова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алды. Апайдың айтуынша, бұл - Ақордаға алғаш келуі. Әрі араға ширек ғасыр салып, мемлекет тарапынан алған алғашқы марапаты екен. Сондықтан, көңілде толқыныс барын жасырмады. Әндері жазылған үнтаспасын да ала келіпті. Салтанатты рәсім аяқталған соң Президентке арнайы ұсынып, өткен күндердің естелігіндей ықыласын білдірді. Жүзінен шынайылық пен қарапайымдылық лебі есіп тұрған Мақпал апайдың қуанышын сырттай бақылап тұрып, менің де жүрегім жылып қалды. Сондай сүйкімді жан 🤍 Мақпал апай, ауырмаңыз! Елдің алдында жарқырап, көмейіңізден әсем ән кетпей, аман-есен жүре беріңіз. Халқыңыздың сізге деген махаббаты ешқашан ортаймайды ✨

♬ оригинальный звук - aqdariga
Войдите, чтобы оставить комментарий