«Өте ауыр болып кетті…»: Динара Сәтжан мен Баян Мақсатқызын қаралаған сынықшы араша сұрады
2266
Танымал сынықшы Бағдагүл Лепесова әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде көз жасына ерік беріп, өзіне жасалып жатқан қысымның үдеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz alash.kz сайтына сілтеп.
Сынықшының айтуынша, тележүргізуші Динара Сәтжан мен продюсер Баян Мақсатқызының (Алагөзова) құзырлы органдарға шағымдануынан кейін жағдайы мүлдем қиындап кеткен.
Эмоцияға берілген емші тікелей эфир барысында өзінің қазіргі дәрменсіз күйін айтып, оқырман қауымнан араша түсуді өтінді:
«Ешкімге керексізбін... Маған өте ауыр болып кетті».
Емшінің бұл жанайқайына қатысты қоғам пікірі біртекті болмай шықты. Оқырмандардың бір бөлігі Бағдагүлдің көпке шипасы тигенін алға тартып, оны қорғауға тырысса, енді бірі заң алдында бәрінің тең екенін, сондықтан қаржылық және кәсіби тексерістің соңына дейін жүргізілуін талап етуде.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...