«Ешқашан көрген емеспін»: Азамат Үсімбеков Тоқаевтың туыстарымен байланысы туралы не дейді?
642
«VD Stroy Engineering» құрылыс компаниясының жетекшісі Азамат Үсімбеков алғаш рет компанияның президент туыстарымен байланысы болуы мүмкін деген қауесеттерге ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, өзі де, оның компаниясы да мемлекет басшысының отбасымен ешқандай байланыста емес.
«Мен президентті өмірімде бірде-бір рет жүзбе-жүз көрген емеспін. Бізді байланыстырып жүрген адамдардың ешқайсысын танымаймын. Әрине, президентті көргім келеді. Президентпен қол алысқысы келмейтін адам бар ма?» — деді Азамат Үсімбеков.
Оның айтуынша, ол құрылыс саласында көп жылдан бері еңбек етіп келеді.
«Шын мәнінде, мен тәулік бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін адаммын. Біз құрылыс және жауапкершілігі жоғары нысандармен айналысамыз, мұнда қателесуге болмайды, сондықтан бар назарымыз жұмысқа бағытталған», - дейді Үсімбеков.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...