"Айлықсыз жұмыс істеп жатырсыз": Қоянбаевқа қарбызды тегін берген әйел жұртты күлкіге қарқ қылды
686
Қазақстандық танымал әзілкеш әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарын күлдірді. Өнер иесі қарбызды өзіне тегін берген әйелдің әрекетіне қатты таңғалып қалған.
Нұрлан Қоянбаев елдің қызу талқысын тудырған бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда актердің қарбыз сатып алайын деп жатқанын көруге болады. Алайда бағасын сұрағанда келіншек оған тегін беретінін айтқан.
Өнер иесі қатты таңғалып, әйелден не себепті тегін беріп жатқанын сұрайды.
"Сізге тегін. Сіз айлықсыз жұмыс істеп жатырсыз ғой. Сондықтан ала беріңіз", - деді сатушы.
Желі қолданушылары бұл видеоны бірден қызу талқылап, кейбірі тоқтамай күлгенін жазды.
"Сіз айлық ала саласыз-ау. Әйтпесе көшере қайыршы қылып жібереді", "Осындай қарапайымдылыққа не жетсін?", "Жарайсың Нұрлан, еліме қызмет жасаймын деген ниетіңнен", "Елдің бәрі айлық алмайтыныңызды біліп алыпты", "Өте күлкілі видео", "Қатта күлдік. Тоқтай алмай жатырмыз", "Мына әзіл бізге өтті", - деп жазуда көпшілік.
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
10:42
«Украина емес»: Елші қазақ мұнайы тиелген танке...
22.07.2026
09:47
«Жауапты біреу айтып тұрды». Аша Матайға қатыст...
22.07.2026
09:31
Тоқаев бірқатар елшіні ауыстырды
22.07.2026
09:30
Сүт фермасындағы трагедия: әкесі екі баласымен ...
22.07.2026
00:32
Әнші Анатолий Цой шаңырақ көтерді
22.07.2026
00:20
«Еркектердің тестостероны түскен заман болды». ...