Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали 9 жылдан кейін үйлену тойын жасады
Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздары Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали көптен күткен үйлену тойын жасады.
Ерлі-зайыпты осыдан 9 жыл бұрын шаңырақ көтерсе де, той жасаудың реті келмеген,
Айқын мен Жұлдыз үйлену тойын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде жасаған. Ерлі-зайыпты бұл қуанышына барша туыстарын, жақындарын, достарын шақырған. Қадірлі қонақтар арасында бірқатар өнер иесі болды.
Дүбірлі той алдында жұлдызды жұп ел алдында тағы бір мәрте некелерін қиып, бір-біріне жүзік тақты. Айқын мен Жұлдыз желі қолданушыларының да қамын ойлап, 9 жылдан кейін жасаған үйлену тойы қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті.
Жаным Жұлдыз, мен сені жақсы көремін. Мен Жұлдызға үйленем дегенде бәрі қарсы болды. Достарымнан бастап, әке-шешемнен бастап, оқырмандарыма дейін бүкіл дүниежүзі маған қарсы болды. Мама жылады, ана балаларды деп… Бәріміз біргеміз, шүкір. Мен бәріне қарсы шықтым. Қалай қаласам, солай болады, Жұлдызды алам дедім. Ақ көйлек киесің деп уәде бердім. Міне, киді. Мен саған әкең де, күйеуің де, ағаң да, құрбың да сияқты болам дедім – дейді әнші.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...