«Әкем деп тануы керек»: Өмірқұл Айниязов баласын ата-әжесіне берудегі басты талабын айтты

18.12.2025 11:11 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Әкем деп тануы керек»: Өмірқұл Айниязов баласын ата-әжесіне берудегі басты талабын айтты
0
129
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Өмірқұл Айниязов

Qazaqstan ұлттық телеарнасының Tansholpan бағдарламасына қонақ болған әнші Өмірқұл Айниязов отбасылық өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты жеке тәжірибесімен бөлісті. Өнер иесі баласын ата-әжесінің қолына бергенімен, маңызды бір талап қойғанын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Әншінің айтуынша, өзі де бала күнінде ата-әжесінің тәрбиесін көрген. Бастауыш сыныпты аяқтағанға дейін ата-әжесінің қолында өсіп, кейін ғана өз ата-анасының жанына барған.

«Екі жаққа да еркелеп өстім. Бірақ бір ерекшелігі өз әке-шешемді “аға, жеңге” деп атадым. Сол сезімнің қандай екенін ішім жақсы біледі. Сондықтан өз баламды ата-анама бергенде бір-ақ талап қойдым. Ол мені әкесі ретінде тануы керек. Мен келгенде “әке” деп алдымнан шығуы тиіс», — деді Өмірқұл Айниязов.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбірі әншінің сөзінен бала кезіндегі ішкі сағыныш пен психологиялық әсерді байқағанын жазса, енді бірі ата-әже тәрбиесінің артықшылығын алға тартты.

«Травма деген осы. Өз ата-анасын іздеу, сағыну», «Бұрынғы заман солай болды, қазір бәрі басқаша», «Ата-әже тәрбиесі баланы көпшіл, мейірімді етеді», «Қазіргі “травма” дегенді қолдан шығарып алғандаймыз», — деп жазды оқырмандар.

Көпшілік Өмірқұл Айниязовтың ұстанымын түсіністікпен қабылдап, баланың кімнің қолында өссе де, ең бастысы  әке-шешенің орнын, рөлін анық сезінуі маңызды екенін атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий