Әкесінен таяқ жеген қыздың екі жыл бұрын бауырын ауыстырғаны белгілі болды
1040
Әкесінің соққысынан зардап шеккен кішкентай қыздың жағдайына байланысты «Солнце на ладошке» қайырымдылық қорының басшысы Екатерина Доброва үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әңгіме екі жыл бұрын бауырын шұғыл ауыстыру үшін бүкіл ел болып қаражат жиналған Ақжарқын есімді бала туралы. Екатерина Доброваның айтуынша, қыздың әкесі бастапқы кезеңнен-ақ емделу процесіне кедергі келтіріп, отбасына қысым көрсеткен әрі жұбайына күш қолданған.
Түркияда жасалған сәтті операциядан кейін анасы баламен бірге Қазақстанға оралған. Алайда кейін әйел күйеуімен қайта татуласқан, сол уақыттан бастап зорлық-зомбылық әрекеттері қайта жалғасқан.
Қазіргі таңда Ақжарқын ауруханада жатыр. Ол жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылған.
Қоғам белсенділері бұл іске құқық қорғау органдары қатаң құқықтық баға беріп, баланы әкесінен толықтай оқшаулауды талап етіп отыр.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
11:35
«Судан қорқатыныңды біле тұра, неге секірдің?»:...
29.09.2026
11:25
Үндістанда іздеудегі қазақстандық бапкерге көме...
29.09.2026
10:58
Астанада автотұрақтағы әйелдің өлімі: төрт экс-...
29.09.2026
10:51
Пиротехника зауытында жарылыс болып, 14 адам қа...
29.09.2026
10:46
Семейде 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованы өлтіру ...
29.09.2026
10:29
Күдікті ұсталды: Щучинскте үй өртеніп, ерлі-зай...