Әкімнің туысы қайтыс болған колонияның басшылығы жазаланды

30.04.2026 13:47 Арман Ермеков
Әкімнің туысы қайтыс болған колонияның басшылығы жазаланды
343
Шәкір Кейкиннің алыс туысы Дабыл Жәрдемұлының өліміне қатысты тексеріс жүргізілді. Фото: freepik.com

Атыраудағы колонияда өгей қыздарын зорлады деп сотталған Дабыл Жәрдемұлының өлімінен кейін мекеме басшысы жұмыстан шығарылып, 12 қызметкер жазаланды, деп хабарлайды Politico.kz порталы «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№15 мекемесінде» жүргізілген қызметтік тексеріс барысында мамандардың жұмысынан олқылықтар табылған. Осыған байланысты 6 қызметкерге қатаң сөгіс, бір адамға сөгіс беріліп, тағы біреуіне қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту жасалды.

Қазіргі таңда марқұмның өліміне және түрме қызметкерлерінің әрекетсіздігіне қатысты екі бірдей қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, 22 наурызында 51 жастағы ер адам камераластарымен болған жаппай төбелес кезінде көз жұмған болатын. Ол екі өгей қызын зорлап, азғындық жолға түсіргені үшін кінәлі деп танылып 25 жылға бас бостандығынан айырылған.

Марқұмның 25 наурызда Иманғали орталық мешітінде өткен жаназасына көптеген адам жиналып, олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де болған. Кейін қылмыскердің Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің алыс туысы екені белгілі болды. Бұл ақпаратқа қатысты әкімдік өкілдері Дабыл Жәрдемұлы заң бойынша жақын туыс санатына жатпайтынын мәлімдесе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ауыр қылмыс жасаған адамға неліктен жаназа оқылғанын түсіндіріп берген еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий