Актер Мейіржан Төребаев түрмеден шықты

22.03.2026 10:05 Қарақат АСЫЛОВА
Актер Мейіржан Төребаев түрмеден шықты
322
Түрмеден шыққан Мейіржан Төребаев елге үндеу жасады

Жазасын өтеген актер Мейіржан Төребаев түрмеден бостандыққа шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Өнер иесі ат үстінде отырған бейнежазбасын жариялап, түрмеде өткізген уақыты өзіне үлкен өмірлік сабақ болғанын айтты. Оның сөзінше, бұл кезеңде ол ішкі тыныштық тауып, өзін тереңірек түсінуге мүмкіндік алған.

— Сыртқы өмірде бостандығымнан айырылғанда, ішкі еркіндігімді таптым. Өмірдің беретін сабақтарынан қашып, бақытты болу мүмкін емес. Кейде өзіңді қайта жинау үшін қирауға тура келеді, — деп жазды актер.

Сондай-ақ ол бұл кезеңді «жанның жарқын саяхаты» деп атап, Жаратушыға алғыс білдірді.

Еске салсақ, 2023 жылғы 23 маусымда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты актерді «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий