Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкім кесті
151
Желіде көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталған актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қылмыстық іс Алматы облысы Қарасай аудандық сотында қаралды. Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы («Онлайн-платформаларды пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша айып тағылған болатын.
Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
«Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді», – деп жазды адвокат.
Сонымен қатар сот жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім қабылдады.
Сот үкімі оқылған бойда актер бірден сот залында қамауға алынды.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
12:07
Алатауда газға қосылу қымбат, кей көшелерді аба...
16.09.2026
12:03
Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкім кесті
16.09.2026
11:57
ТикТок пен Инстаграмдағы өтірік тарихқа шұғыл ж...
16.09.2026
11:21
Ақмола облысында көлік қағып кеткен төрт жасар ...
16.09.2026
11:13
13 жасар қызды зорлады деген күдікпен екі адам ...
16.09.2026
11:11
Жылу желілерін жөндеу 93%-ға аяқталды: Бектенов...