Алдағы үш күнде ауа температурасы 35 градусқа дейін ысиды
332
Қазгидромет синоптиктері 30 мамыр — 1 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында, 1 маусымда батысында атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады.
Салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.
Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның ықпалымен жауын-шашын тоқтайды.
Баренц теңізінен келетін жоғары қысым аймақтарға жайылып, салдарынан түнде және таңертең минус 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Жалпы республиканың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы жоғарылайды.
Республиканың батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін бірте-бірте көтеріледі.
Шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 градусқа дейін төмендейді. Соңғы жаңалықтар
23.06.2026
15:18
Түркістан облысында мектеп жөндеп жатқан әйелде...
23.06.2026
15:01
Өзін 12 жастағы қыз деп таныстырған әйел бөтен ...
23.06.2026
14:29
Александр Пак 10 жылын қандай түрмеде өткізеді?
23.06.2026
14:12
Төреғали Төрәлінің әйелі 11 жыл ауыр дертпен кү...
23.06.2026
13:41
Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионат...
23.06.2026
13:38
«Маған қатты ұқсайтын еді»: Назарбаев марқұм жи...