Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты

24.09.2026 16:56 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
443

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Politico.kz Ақордаға сілтемемен.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап, марқұмдардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, қайғылы жағдай бүгін, 24 қыркүйекте әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде болған. Кенеттен көтерілген дауыл мен қатты жел 19 әскери қызметшіні Каспий теңізіне алып кеткен.

Әзірге 9 адамның қаза тапқаны ресми расталды. Үш әскери қызметші құтқарылып, біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын Әскери-теңіз күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары іздеп жатыр, іздеу жұмыстарына әуе техникасы да тартылған.

Оқиғаға байланысты Ақтау гарнизоны дереу қылмыстық іс қозғаған. Премьер-министрдің өкімімен оның орынбасары Қанат Бозымбаевтың басшылығымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылған.

Войдите, чтобы оставить комментарий