Алексей Бородавкин қазақстандықтарды құттықтады

31.12.2025 09:18 Арман Ермеков Арман Ермеков
Алексей Бородавкин қазақстандықтарды құттықтады
0
280
Фото: Ресейдің Қазақстандағы елшілігі

Ресей елшісі Алексей Бородавкин қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин екі ел азаматтарына арнайы үндеу жолдады. Дипломат барша жұртшылықты таяп қалған Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар, құрметті ресейліктер!

Ресей Федерациясының Елшілігі атынан және жеке өз атымнан сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан 2025 жыл Ресей мен Қазақстан қарым-қатынастары үшін ерекше қарқын мен жасампаздық уақыты болды. Біз бұл жылды терең ризашылық сезімімен шығарып саламыз, себебі біз ғасырлық достық дәнекерін сақтап қана қоймай, оны сапалы түрде нығайтып, мемлекетаралық қатынастарымызды жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтере алдық.

Әрқайсымыз үшін Жаңа жыл – балалық шақтан бастау алатын, үміт пен нұрға толы жылы отбасылық мереке. Осынау мереке күндері мен бауырлас Қазақстан халқына және Республикада тұрып, еңбек етіп жатқан барша ресейліктерге зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін.

Әр шаңырақта сүйіспеншілік салтанат құрып, келе жатқан 2026 жыл елдеріміздің игілігі жолында бізге жаңа ортақ жеңістер мен толағай табыстар сыйласын.

Келе жатқан 2026 жыл құтты болсын!», — делінген Алексей Бородавкиннің жеке құттықтауында.

Айта кетелік бұған дейін Ресей елшілігі қазақ елін Тәуелсіздік күнімен де арнайы құттықтаған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий